Жаңалықтар

ДИНАНЫҢ ДОМБЫРАСЫ

«Назарбаев орталығының» материалдық мәдени-тұрмыстық заттар қорында Қазақстанға белгілі музыка зерттеушісі, мәдениет және қоғам қайраткері, профессор Болат Сарыбаевтың 309 жәдігері, соның ішінде 292 жеке музыкалық аспаптар жиынтығы сақтаулы тұр.

ХІХ ғасырда қазақ хал­қы­ның тұрмысында кең тараған, оның дүниетаны­мын­дағы зат­тық мұрасының бірі – дом­быра. Жасалу жағынан бір-біріне ұқса­майтын 24 дом­­быра – хал­қымыздың мә­де­ни байлығы. Сол аспап­тар­­дың ішінде Жамбыл облы­сы Мерке ауданының тұр­­ғыны, халық шебері Әб­діқұл Ақкөзовтың жаса­ған домбы­расы ерекше. Өзінің түр-сипаты мен құ­ры­лымы жағы­нан бұл аспап еліміздің оң­түс­тік өңірле­ріне тән. Оны ағаштан тұтас ойып жа­са­ған. Он перне тағыл­ған. Ша­нағының екі бүйірі түгел­дей дерлік оюмен әшекей­ленген. Үстіңгі қақпағы ағаш шегелермен бекітілген.

Домбыралардың ішінде аты аңызға айналған күйші Дина Нұрпейісованың дом­бы­расы да бар. Күй анасы­ның ақ батасымен бірге келген домбыраның тарихы мынадай.

Болат Сарыбаев – 1927 жылы Абай атындағы қазақ педагогикалық институ­­ты­ның негізін салу­шылардың бірі белгілі ұстаз Шамғали Харесұлы Сарыбаевтың бала­сы. Дина Ұлы Отан соғы­сы кезінде біраз уақыт Сары­баевтар үйінде тұрады. Болат­тың музыкалық қабі­летін байқаған Дина Нұр­пейісова «Болатжан балам, мына домбыраны сақтап, ойнап үйрен» деп өзінің домбырасын сыйға тартады. Күйшінің «Өмірімдегі ең асылым осы – домбыра, кө­зім­дей көріп жүр» деген сөзі Болат Сарыбаевтың көңілін­де жатталып, бар ғұмырын қазақтың музыкалық ас­пап­тарын жинап, ән-күй мұра­сын зерттеуге түрткі болады.

Қазақтың маңдайына біткен дәулескер күйшіден мирас қоңыр домбыраны 1939 жылы шебер Арыстан Ермеков жасаған екен.

Айгүл УАЙСОВА

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button