Жаңалықтар

Домбыра рarty

Бейсенбіде Астанада биылдыққа алғашқы «Домбыра-рarty» өтті 

«Қазнеттегі» белсенді қазақ жастары бірінен соң бірі іліп әкетіп, бұған дейін  оншақты қалада өткізілген бұл шара қазақтың қара домбырасын кәдімгі көпшілікқолды көше мәдениетіне ұластыруда. Бәзбіреулер гарлем-шейк, гангамстайл, брейк билейді, қуыс-қуыста гитара тартады, ал  қазақ жастары қара шанақ, қос ішекті бебеулетіп күй шертеді, ән салады. «Әу» демейтін қазақ жоқ. «Қазнетті» қуалап жайылған хабарды естіп, желкемді күнге қарамастан «Керуен» сауда-ойын-сауық орталығының алдына қырық-елу шамалы жұрт жиналды. Күйші Жаңғали Жүзбаев бастап берген шараны өнерпаз жастар өрістетіп әкетті. «Домбыра-рarty» әр бейсенбі сайын өткізіліп тұрады.

Әділбек ЖАПАҚ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button