Жаңалықтар

Егемен елдің ертеңі

Елбасының «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласын қолдау мақсатында ҚР Парламент Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы №49 орта мектептің оқушыларымен кездесті.

Жүздесу барысында сенатор мамандық таңдау мәселесі мен еңбеккерлік жайында әңгіме өрбітті. Мемлекетті алға бастыратын тек қана еңбек екенін ерекше атады. Ұлтымыздың арғы-бергі тарихына қатысты да бірнеше пікірлерін ортаға салды. «Қандай мамандық иесі болса да, ол кәсіби деңгейге көтеріле алса, еліміздің тәуелсіздігіне өз үлесін қосады. Сондықтан, мамандық таңдау мәселесінде жастар дұрыс шешім жасауы керек» деді сенатор.

Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Жал­пыға ортақ Еңбек қоға­мына қарай 20 қадам» атты бағ­дар­ламалық мақаласында да қоғамдағы еңбектің алатын орнын айрықша бағалағаны белгілі. Сол үшін Елбасы жастарға еңбек етуді, еңбек арқылы биік парасат деңгейіне жетуді міндеттеп отыр. Мұрат Бақтиярұлы да жастардың ертеңі еңбекте екенін баса айтты.

Жалпы, шараның өтуіне осы мектептің тарих пәнінің мұға­лімдері Зәкира Есалықызы мен Мадина Нұржанова атсалысты.

Асхат РАЙҚҰЛ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button