Жаңалықтар

Кәсіпкерлік көрмесі

Кеше «Radisson» қонақ үйінде қаланың Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы ұйымдастырған «Шағын кәсіпорын саласындағы жетістіктер» байқау-көрмесі өтті.

Іс-шараның мақсаты – елор­даның әлеуметтік-экономикалық жетістігінде шағын бизнестің орны мен маңызын насихаттау, кәсіпкерлік қызметте тәжірибелер алмасу, іскерлік байланыстар орнату.

Кәсіпкерлік – елорда эконо­мика­сының маңызды сала­сы. Байқау-көрмеге өндіріс, сау­да, қызмет көрсету, қоғамдық тамақтандыру саласында қызмет етіп жүрген Астана қаласының кәсіпкерлері қатысты. Байқау нәтижесінде өндіріс саласындағы үздік кәсіпорын «Азия Астана» ЖШС, Қызмет көрсету саласындағы үздік кәсіпорын –«PoliartCompani» ЖШС атанды. Сонымен қатар үздік әйел кәсіпкерлерге арнайы сыйлықтар тапсырылды.

Гүлмира Аймағанбет

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button