Қала мен Сала

Экологиялық айлық басталды

Елордада бүгін «Birge – taza Qazaqstan» республикалық акциясы аясында жалпықалалық және коммуналдық сенбіліктер, сондай-ақ ағаш отырғызу іс-шаралары басталады. Ол мамырдың 16-сына дейін жалғасады.

[smartslider3 slider=2721]

Экологиялық айлық аясында қаланың төрт ауданында да санитарлық тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл ретте бас шаһардың барлық кәсіп­орындары, меншік иелерінің бірлестіктері (пәтер иелерінің кооперативтері), шағын және орта бизнес субъектілері, волонтерлер мен белсенді қала тұрғындары сенбілікке шығып, қолдарына қолғап киіп, күрек, тырна, сыпырғыш алып, өз мекемелерінің жанындағы алаңдар мен аула аумақтарын тазалап, ағаштарды әктеп, көгалдандыруға ерекше көңіл бөлуде.

Тазалау жұмысына 2 мыңға жуық жол қызметкері мен 500-ден астам арнайы техника жұмылдырылды. Олар қаладағы асфальт пен тротуарларды, аялдамалар мен жол белгілерін, қоршауларды, жерасты өткелдерін арнайы ерітіндімен жуып тазалады.

Коммуналдық қызмет мамандары қоқыс жәшіктерін қолмен тазалап, қоршауларды, көпірлерді, ескерткіштерді, тротуарларды жуды, айналадағы ағаштардың түбін қопсытып, жаңа ағаштар отырғызатын орындар дайындады. Сонымен бірге саябақтар, гүлзарлар, алаңдар, аула аймақтары қоқыс­тан тазартылды, нөсер және арық-науалық кәріз желілерін санитарлық тазарту, саябақтар мен гүлзарларда егілген көшеттерді күту жөніндегі маусымдық агротехникалық жұмыстар, көгалдар мен гүлзарлар орнату, рұқсат етілмеген тұстарға тас­талған қоқыстарды, ластанған учаскелерді тазарту жұмыстары да қызу жүргізілуде.

«Birge – taza Qazaqstan» республикалық акциясы аясында елордада апта сайынғы сенбіліктерге 80 мыңнан астам адам, 10 мың кәсіпорын мен ұйым қатысып, жалпы ауданы 5,5 млн шаршы метрден астам саябақтар мен гүлзарларды тазартты және 12 мыңнан астам көшет отырғыз­ды. Өткен жылы Нұр-Сұлтан қаласында миллионнан астам ағаш отырғызылған болатын.

Алдағы сенбі күні, яғни 23 сәуірде бас шаһарда жалпықалалық сенбілік және жаппай ағаш отырғызу іс-шарасы өтеді. Бұл ретте қала аумағын қыс мезгілінен кейін тазарту, рекреациялық аймақтарды, саябақтарды, гүлзарларды, аулаларды, сондай-ақ сауда нысандарына, қоғамдық тамақтану орындарына және басқа да ұйымдарға іргелес аумақтарды жинаумен бірге Алматы, Байқоңыр, Есіл және Сарыарқа аудандарында ағаш отырғызу іс-шарасы ұйымдас­тырылады деп жоспарланып отыр. Осылайша, қала тұрғындары мен ұйымдары көшелер мен аулаларды абаттандыруды жақсартуға өз үлесін қосуда.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button