Елорда тынысы

Әкімдік өкілдері – жұмыс тобында

Нұр-Сұлтан қаласындағы Үкімет үйінде Премьер-министр Әлихан Смайылов­тың төрағалығымен Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті.

[smartslider3 slider=2722]

Отырыстың күн тәртібінде IT-саласын қолдау және дамыту мәселесі талқыланды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің айтуынша, министрлік қалыптасқан жағдайға тұрақты негізде талдау жүргізіп жатыр және сарапшылар қауымдас­тығымен бірлесіп, отандық ақпараттық технологиялар саласын қолдау бойынша бірқатар ұсыныс әзірледі.

Атап айтқанда, IT-мамандарына әскери қызметті кейінге қалдыру, отандық IT-шешімдерді енгізу үшін жеңілдікті кредит беру, «Astana Hub»-та эксаумақтылық қағидаты бойынша салық преференцияларының қолданылуын 2029 жылға дейін ұзарту ұсынылады. Қазақстанда жұмыс істеуге қызығушылық танытатын IT-мамандарынан келіп түсетін сауалдарға жедел жауап беру үшін арнайы жұмыс тобы құрылды, оның құрамына «Astana Hub» халықаралық IT-стартаптар технопаркінің, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ, Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары әкімдіктерінің өкілдері кірді.

Жұмыс тобының қызметі аясында Қазақстанға келуге мүдделі компаниялармен қарым-қатынас жолға қойылған. Өзекті ақпаратты алу үшін елге кіру, тұру және компания ашу туралы, сондай-ақ IT-саласын мемлекеттік қолдау шаралары туралы толық нұсқаулықтары бар веб-сайт құрылды. Әлеуметтік желілерде қатысушылар бизнесті жүргізуге қатысты сұрақтарға шұғыл түрде жауап ала алатын топ құрылды. IT-компанияларды көшіру кезінде қолдау көрсететін бейінді ведомстволармен жұмыс ретке келтірілді. Отырысты қорытындылай келе, Үкімет басшысы Әлихан Смайылов мүдделі мемлекеттік органдармен аталған қолдау шараларын пысықтауды тапсырды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button