Жаңалықтар

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Астана «Жасыл белдеуінің» оңтүстік-батыс аумағында жалпы ұзындығы 23 шақырымға созылатын жаңа веложол ашылды

Ені 2 метрді қамтитын жол заманауи үлгідегі барлық техникалық талаптар мен стандарттарды сақтай отырып жасалған әрі елімізде орман ішінде орналасқан тұңғыш веложол болып табылады.
14568010_1809415759333121_5614926251137354340_n
Салтанатты ашылуға Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов, балалар мен жасөспірімдерге арналған №6 спорт мектебінің велосипедшілері және елордалық тұрғындар қатысты.
– Елорда салауатты өмір салтын мақсат еткен қалаға айналып келе жатыр. Биыл бас қалада спортсүйер қауымға, спортшыларға арнап «Астана марафоны-2016», Дуатлон, Триатлон секілді жарыстар ұйымдастырылған болатын. Бүгін де осындай игілікті шараның куәгері болып отырмыз. Жаңа веложол елордалықтар үшін керемет тарту. Ал қыс мезгілінде бұл веложол шаңғы тебушілер үшін таптырмас алаңға айналғалы отыр, – деді шаһар басшысының орынбасары.
Ауқымды шараға 80-нен аса қатысушы қатысты. Бәрі де ашық аспан астында велосипед мініп, межелеген қашықтықты бағындырды. Айта керу керек, Ильинка кентінен бастау алған жол Қосшы кентіне дейін жалғасады. Осылайша елордалықтар спортқа деген ынтасын, өзгелерге деген құрметін танытты.
Əмір Досқожа
Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button