Басты ақпарат

Елбасы шыңдалған шаңырақ

Осы аптада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында бірқатар өнеркәсіп орындарын аралап, өңірдің инфрақұрылымдық даму жоспарымен танысты. Ең әуелі Президент «Maker» ЖШС-нің Қарағанды құю-машина жасау зауытына, «Қарағанды фармацевтика кешені» ЖШС-іне барып, кәсіпорындардың тыныс-тіршілігін өз көзімен көрді.

«Қазақмыс» корпорациясының жұмысшыларымен, Қарағанды мемлекеттік техника университетінің студенттерімен жүздес­ті. Одан әрі Елбасы облыстың әлеу­меттік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Елбасы өзі жас кезінде еңбек еткен кәсіпорын – «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамына барып, жұмысшылармен кездес­ті.
Нұрсұлтан Назарбаев қара металл прокатын шығаратын өзі еңбек жолын бастап, шыңдалған кәсіпорынды аралап көрді. Елбасы сұрыпты прокат өндіру технологиясымен және металлургия комбинатын одан әрі дамыту жоспарымен танысты. Сонымен қатар, Мемлекет басшысына ЖЭО-1 және ЖЭО-2 орталықтарын қайта жөндеу жоспары, сондай-ақ өңірдің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты шешімдер туралы баяндалды. Елбасы кәсіпорынның еңбеккерлерімен кездесіп, әңгімелесті. «Қазір зауыт аумағында бойымды ерекше бір сезім баурап алды. Мен мұнда алғаш рет 1958 жылы кірген едім. Ол кезде бұл жерде ештеңе болған жоқ. Барлығы менің көз алдымда салынды» деп Қазақстан Президенті еске алды. Нұрсұлтан Назарбаев комбинат металлургтары мен еңбеккерлерінің жұмысы ауыр екенін атап өтіп, Теміртау қаласы мен зауытқа қатысты жағдайды үнемі өз бақылауында ұстайтынын айтты.
Сондай-ақ Елбасы «Ақ сарай» неке сарайына бас сұғып, жас жұбайлардың қуанышына ортақтасты. Теміртау қаласындағы мәдениет және демалыс саябағын аралап, өткен ғасыр­дағы 50-60 жылдар тарихын бейнелейтін театрландырылған қойылымды тамашалады.

Тағыда

Төлен Тілеубай

«Астана ақшамы» газетінің шеф-редакторы

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button