Саясат

Елді елең еткізген

Париждегі дүрбелең

Парижде жанармай бағасының қымбаттауына байланысты наразылық шеруінің өтіп жатқанына үш аптадай болды.

Алдағы жылдың қаң­тарынан бастап Францияда бензин құны 2,9 евроцентке, ал дизель 6,5 евроцентке қымбаттайды. Осы себепті ереуілге 280 мыңнан аса адам шығып, наразылығын білдірді. Дүрбелең кезінде 47 адам жарақат алып, 120 тұрғын тұтқындалды. Сондай-ақ, 1 адам қаза болған.
Euronews мұндай жағ­дайдың орнауына байланысты ел билігі жанармай бағасын жарты жылға тұрақты бағада ұстап тұру туралы шешім қабылдағанын хабарлады. Бұған қоса газ, электр энергиясы тарифтерінің қымбаттауы да уақытша тоқтатылды. Дегенмен шеруге шыққан жұрт бұл мәселе толығымен шешілмейінше алған беттерінен қайтпай тұр.

АҚШ пен Қытай саудаласты

Аргентинада өткен G20 саммиті кезінде АҚШ пен Қытай президенттері – Дональд Трамп пен Си Цзиньпин үш ай ішінде жаңа сауда келісімін жасауға келісті.

Washington Post басылымының хабарлауынша Дональд Трамп Қытайдың 200 млрд долларға дейінгі тауарына қойылатын тарифті алдағы жылдың қаңтарынан бастап 10 пайыз­дан 25 пайызға дейін арттырмауға келісті. Алайда бұл келісім үш ай ішінде жасалмайтын болса кедендік баж салығы 25 пайызға күрт көтеріледі.
Келіссөз барысында Аспан асты елі Америкадан ауылшаруашылық өнімдерін, энергия тасығыштарды, сондай-ақ өзге де түрлі тауарларды импорттайтыны белгілі болды.

Алтыннан жасалған шырша

Германияның Мюнхен қаласында Еуропадағы ең қымбат шырша орнатылды.

Sky News телеарнасы Instagram парақшасында шыршаға жалпы салмағы 63 келі болатын 2018 дана алтын жұмсалғанын хабарлады. Ал шығын көлемі 2,3 млн фунтты құраған екен. Әшекей шыршаның жұмысымен немістің Pro Aurum компаниясы айналысқан.
Шырша пирамида пі­шінінде жасалған.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button