Жаңалықтар

Елорда басшысы топ бастады

2017 жылдың қорытындысы бойынша жүргізілген әкімдер рейтингінде Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев топ бастады.

«Стратегия» саяси және әлеуметтік зерттеулер орта­лы­ғының сарапшылар тобы бұл номинацияда үздік деп танылған тұлғаны анықтау барысында бірнеше позиция­ны бағалады. Әкімдердің жұмысын бағалауға еліміздің әр өңірінен 29 сарапшы қатысқан және зерттеу барысында 5 критерий бо­йынша 7 балдық жүйемен анықталған. Нақты айтқанда, әкімнің атқарған жұмысына халықтың көңілі толуы, экономикалық және ішкі сая­си жағдайларды басқаруы, ақпараттың ашықтығы (әлеу­меттік желілердегі) және әкімнің саяси белсенділігі.
Жүргізілген зерттеуге сәйкес, сарапшылар әкімдердің жұмысын орта және ортадан жоғары деп бағалады. Олар республикалық маңызы бар Астана және Алматы қалаларының басшыларына ең жоғары баға берді.
Сонымен, әкімдердің тиімді жұмысы бойынша бірінші орын елорда әкімі Әсет Исекешевке бұйырды (4,93 балл). Қала басшысының экономикалық жағдайды басқаруы ( 1-орын; 5,08 балл), тұрғындардың әкім жұмысына қанағаттануы (1-орын; 4,62 балл) және ақпараттық ашықтығына (1-орын; 5,32 балл) жоғары баға берілді.
Екінші орынға жергілікті билікті басқару құрылымындағы мүмкіндігі жағынан Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек жайғас­ты. Ал үшінші орынды иеленген Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев саяси жағдайларды тиімді басқарумен көзге түскен.

Тағыда

Таңатар Төлеуғалиев

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button