Жаңалықтар

Елордада қатты дауыл бірнеше ғимаратты қиратты

Бүгін түсте Астанада жаңбыр жауып, дүлей дауыл соқты. Қала тұрғындары табиғаттың қандай шығын келтіргені туралы фото және видеожазбалармен әлеуметтік желіде бөлісіп жатыр.

Рауан Есқали есімді астаналық алғашқылардың бірі болып мынадай суреттерді салып, 15 минуттық дауылдың салдарын көрсетті:

Ал ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті «Бейбітшілік және келісім» сарайының витражды әйнектеріне зақым келгенін растады. Көп ұзамай оқиға орнына Алматы ауданының әкімі Әділбек Сәрсембаев және Алматы ауданы бойынша ТЖБ бастығы келіп жетті. Аудан әкімі  қауіпсіздік және қалпына келтіру шараларын қабылдау ушiн тапсырма берді.

Сондай-ақ, Алматы көшесінде орналасқан «Тұмар» тұрғын үйі маңындағы құрылыс алаңында кран құлады. Бұл ақпаратты да ҚР ІІМ растады.

Осы уақытқа дейін 13 адам түрлі жарақаттармен жедел жәрдем қызметіне жүгінді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Бір пікір

Пікір үстеу

Back to top button