Ел тынысы

Елорданы көгалдандыру мәселесі талқыланды

Астана қаласының Құрылыс, экология, көлік және ТКШ мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы аясында елорданы көгалдандыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Онда Астана қаласы Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының жаңа басшысы Дәулет Досқұлов, «Астана орманы» ЖШС директоры Михаил Кошкин және «Астана-Зеленстрой» ЖШС Бас директоры Арман Мұқатов баяндама оқыды.
Сөйлеушілер биыл 1,1 млн жасыл желек отырғызу жоспарланғанын атап өтті. Оның ішінде 1854 ағашты Германиядан әрқайсысы үшін 350 мың теңге бағасында сатып алынды. Бұл ретте көшеттердің өміршеңдігі 90% -ды құрайды.
Қаланы көгалдандыруға 2024 жылға барлығы 40 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.
«Өз кезегімде алда үлкен және жауапты жұмыс күтіп тұрғанын атап өттім. Соған сәйкес қаражатты сапалы әрі ұтымды игеруді өтіндім.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір апта бұрын Мемлекет басшысы облыстар мен қалалардың әкімдеріне көшелерді тазарту, елді мекендердің су тасқынынан зардап шекпеген аумақтарды көгалдандыру және абаттандыру бойынша науқандарды бастауды тапсырған еді. Енді әкімдердің қызметі елді мекендер мен қоғамдық кеңістіктердің жағдайы бойынша бағаланбақ», – дейді жиынға қатысқан Астана қаласы Мәслихатының депутаты Бауыржан Смаилов.
Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button