Sport

«Ең ғажайып шана» сайысы

«Ақбұлақ» мұз айдынында «Ең ғажайып шана» байқауы өтті. Оған 23 отбасылық команда қатысты. Конкурс туралы аудан әкімдігінің ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі парақшаларда жарияланды.

[smartslider3 slider=2270]

«Ұлымыз «Айналайын» балабақшасында оқиды. Байқау туралы естігенде ойланбастан қатысу туралы шешім қабылдадық. Шананы безендіруді ұзақ уақыт ойландық. Нәтижесінде Наурыз мейрамы жақындағанының белгісі ретінде шананы киіз үй түрінде сәндеуді жөн көрдік. Конкурсқа осынша команда қатысады деп ойламадық, бұл еріксіз қуантты» деп бөлісті қала тұрғыны Арман Есмағамбетов.

Эстафетаның тағы бір қатысушысы мұндай іс-шаралар балалар үшін пайдалы және оларды спортқа бе­йімдейтінін атап өтті.

«Біз осындай байқауларға, іс-шараларға ылғи да қатысуға тырысамыз, сондықтан мұнда тек жеңіс үшін келдік. Қолымыздан келгенше тырысып бақтық. Бізге берілген шанадан пират кемесін жасау туралы ойладық. Екі күн дайындалдық. Мұндай іс-шараларды өткізу өте маңызды деп есептеймін, осылайша балалар спортқа қызығып, уақытын көңілді өткізеді» деді Айша ­Жұмахметова.

Эстафетаға қатысушы тағы бір ана іс-шараның жақсы ұйымдастырылғанын атап өтті.

«Мұндай байқауға алғаш рет қатысып отырмыз. Баламыз «Толағай» балабақшасына барады. Байқау алдында ұлымызбен сөйлесіп, қатысу туралы шешім қабылдадық. Мұндай іс-шаралар ата-ананың өз баласына көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік береді» деп бөлісті Мақпал Ақылбекова.

Байқау қорытындысы бойынша «Ең ғажайып шана», «Ең жылдам шана», «Ең ұйымшыл отбасы» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталды. Оларға аудан әкімдігінен грамоталар мен арнайы сыйлықтар – іс-шара демеу­шілерінің сертификаттары табыс етілді.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button