ӘлеуметБасты ақпаратЭкономика

ЕҢБЕКТЕНЕ БІЛГЕННІҢ ЕҢСЕСІ БИІК

Елбасы индустриялық форумда «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасын жария еткен болатын. Өз сөзінде Мемлекет басшысы халықты жұмыспен қамту мәселесіне ерекше мән берді.

 «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей». Расында да, ерінбей еңбек еткеннің көп белесті бағындырары белгілі. «Еңбек етсең – емерсің» деген де бар. Ежелден еңбек еткен, қол қусырып қарап отыруды білмейтін елдің баласы мұның бәрін жақсы білсе керек. Осыған орай, Елбасы ел игілігі жо­лында ерінбей еңбек ету керектігін баса айтты. Бұл мақсатта елімізде қолдан келгеннің бәрі жасалып жатыр.

Мемлекет басшысының биылғы Жолдауын орындау үшін халықты жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы дай­ындалды. Үстіміздегі жылы Астана қаласы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының бірінші бағыты «Өз бетінше жұмыспен айналы­сушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды оқыту және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу» іске асырылды. Осы бағыт аясында кәсібі, нақтырақ айтсақ, мамандығы жоқ азаматтар­ды кәсіби оқыту (мемлекеттік тап­сырыс), 36 ай оқу мерзімімен 150 адам оқыту қарастырылып, жаңа кәсіп (мамандық) алу мақсатында қайта даярлау бойынша 163 адам­ды 3 айлық оқыту мен кәсіби шеберлігін шыңдау және жоғары дәрежені алу мақсатында 1 ай оқу мерзімімен бағдарламаның 170 қатысушысының біліктілігін жоғарылату, кәсіби оқыту жоспарланған болатын.

Биылғы жылдың басынан атал­мыш бағдарлама бойынша біздің мекемеге өтініш берген адам саны – 701, бірінші бағытқа қатысу үшін 646 өтініш қабылданған, соның ішінде 559 қатысушымен әлеуметтік келісім-шарт жасалды.

Қазіргі уақытта 371 қатысушы оқуларын аяқтады, соның ішінде 16 адам, тұрақты жұмыс орындарына – 13, жастар тәжірибесіне – 3 кісі жұмыспен қамтылды.

Биылғы жылы жастар тәжірибесін ұйымдастырып, 157 адам жұмысқа орналастырылды. Жыл басынан бері жастар тәжірибесін өтуге 181 адам жолданды. Жоспарланған 271 әлеуметтік жұмыс орындарына 147 адам жұмысқа орналасты.

Орталықтың басты бағыттарының бірі – «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының қатысушыларын жұмысқа орналастыру. Бұл ретте биылғы жылдың 13 шілдесіне дейінгі жағдай бойынша оқуларын бітірген қатысушының 954-і, соның ішінде тұрақты жұмыс орындарына – 936 адам жұмысқа орналасты.

Оқу орындарының өнімдерін тұтынушы болып табылатын, жұмыс берушілермен тікелей бай­ланыс, жұмысқа орналастыру­да ағымды нәтиже бере алады. Бағдарламаның қатысушыларын бұдан әрі жұмысқа орналастыру мақсатында астанамыздың жұмыс берушілерімен 306 ниет хаттамасы жасалды.

Елбасыша айтсақ, «болашақта ХХІ ғасырда тек еңбек қана барлық қазақстандықтардың әл-ауқатқа және жаңа өмір сапасына қол жеткізуін қамтамасыз ете алады». Бұл ретте біз әлеуметтік жаңғырту саясатына қолдау көрсетіп, оны жүзеге асыруға барынша тікелей және мүдделі түрде атсалысатын боламыз. Өйткені, еңбекпен ғана жеміс өнбек, тек еңбек қана бар қиындықты жеңбек.

Аманжол ӘБДІРАХМАНОВ,
Астана қаласы әкімдігі Жұмыспен қамту орталығының директоры

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button