ЖаңалықтарҚала тіршілігі

Газға қосылу жалғасуда

Қазан айының ортасынан бастап елорданың ең ірі тұрғын алаптарының бірі – «Оңтүстік-Шығыс» үйлері газға қосылып жатыр.

[smartslider3 slider=399]

«Оңтүстік-Шығыс» жеке секторы – елордадағы түтіннің негізгі көздерінің бірі. Сондықтан бұл ауданды газдандыру қаладағы экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.
«Міне, бізде көптен күткен газ бар. Енді баллондарды сатып алмаймыз, үй газға тікелей қосылған, бұл қауіпсіз. Пеш жаққан кезде, тіпті күл шығарғанда да көмірқышқыл газымен дем аламыз. Және күлді күніне бірнеше рет шығару керек. Әрине, бұл – үлкен жүктеме, өйткені отын жинаймыз. Ал біз үшін басты құндылық – денсаулық. Өзіміздің игілігіміз бен денсаулығымыз үшін газға қосылуға дайын болдық» деп атап өтті «Оңтүстік-Шығыс» тұрғын алабының тұрғыны Айтжан Естаева.
Күн сайын тұрғын алабының тұрғындарынан газға қосылуға өтінімдер көбеюде. Осылайша бүгінде келесі аудандарда газ беру қамтамасыз етілді: «Промышленный» т/а (Қошқарбаев даңғылының оңтүстігіндегі көшелер толығымен); Момышұлы даңғылы – Абылайхан даңғылы – Қошқарбаев даңғылы – Қордай көшесі; Құдайбердіұлы даңғылы – Бурабай көшесі – Абылайхан даңғылы – Мұстафин көшесі; Қобыланды батыр көшесі – Лепсі көшесі – Құдайбердіұлы даңғылы – Бурабай көшесі. Осы аудандарда тұратын тұрғындар үйді газға қосуға өтінім беру үшін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-қа (Республика даңғылы, 24) жүгінуі қажет. Толық ақпарат алу үшін +7 (7172) 55-89-75, ішкі нөмір: 1530, 1527, 1534.
«Оңтүстік-Шығыс» тұрғын алабының қалған бөлігі бойынша іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізілуде, газды іске қосу кезең-кезеңімен бір ай ішінде орындалады. «Қазақауыл» (Қараөткел) шағын ауданы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
Нұр-Сұлтанда қаланы газдандыру бойынша ауқымды жұмыстар жалғасуда. Екі жыл ішінде елордада 645 шақырымнан астам кварталішілік газбен жабдықтау желілері салынды. Газға «Көктал-1», «Көктал-2», «Железнодорожный», «Агроқалашық» бөлігі және «Оңтүстік-Шығыс» тұрғын алаптарының тұрғындары қосылды.
Осы күзде «Промышленный», «Агроқалашық» және «Оңтүстік-Шығыс» (қосылмаған бөлігі) тұрғындары газға қосылу мүмкіндігін алады. Сондай-ақ «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ «Күйгенжар», «Мичурин», «Интернациональный» елді мекендерінде газбен жабдықтау желілерінің құрылысын жүргізуде.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button