Sport

Губернатор кубогына таласады

КХЛ чемпионатына дайындық жүргізіп жатқан астаналық «Барыс» хоккей командасы кеше «Челябинск облысы губернаторының Кубогы» турнирінде бірінші ойынын өткізді.

[smartslider3 slider=3828]

«Автомобилист» (Екатеринбург) командасымен өткен ойында астаналықтар 2:1 есебімен жеңіске жетті. Осы турнирге қатысатын «Металлург» (Магнитогорск) пен алаң иелері – «Трактор» командасы арасындағы матч кешке аяқталды.

«Барыс» келесі ойынды 25 тамызда «Трактормен» шеберлік байқасса, 27 тамызда «Металлург» хоккейшілерімен кездеседі.

Ал, КХЛ чемпионаты 1 қыркүйекте басталады. «Барыс» жаңа маусымдағы алғашқы ойынын Нұр-Сұлтан қаласында 3 қыркүйекте өткізеді. Қарсыласы – «Динамо» (Минск).

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button