Елорда тынысы

Партия белсенділері марапатталды

Кеше Amanat партиясының елордалық филиалында Конституция күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Бұған Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Павел Казанцев, Amanat партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының атқарушы хатшысы Берік Жәкенов және БПҰ өкілдері және «Жастар рухы» ЖҚ жастары мен партия белсенділері қатысты.

 

[smartslider3 slider=3832]

 

1 қыркүйекте Парламенттің бірлескен отырысы өтеді. Кейін жеке пленарлық отырыс болады. Мұнда Конституциялық реформаның негізгі  мәселелеріне қатысты 6 шұғыл заң жобасын қабылдайтын боламыз. Елімізде 5  маусымда республикалық референдум өткен болатын. ҚР Конституциясына енгізген өзгеріс­тер мен толықтыруларды өзге де заңдарда бекіту қажет. Одан бөлек, тағы 16 заң жобасы бар. Барлығы 22 заң жобасын қабылдайтын боламыз, – деді Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Павел Казанцев.

Шара соңында Мәжіліс вице-спикері мен Amanat партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының атқарушы хатшысы Берік ­Жәкенов партия белсенділеріне алғыс хаттар табыс етті. «Барша қазақстандықтарды алдағы Конституция күнімен құттықтаймын. Amanat партиясымен бірлескен топтармен, мүшелермен бірге жұмыс жүргізіп жатырмыз. Сол еңбегіміз бүгін бағаланып жатыр. Өздеріңіз көргендей, ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Павел Казанцевтің қолынан алғыс хат алып жатырмыз. Елімізге тыныштық, жұртымызға амандық тілеймін. Еліміз көркейе берсін» деді Amanat партиясының белсенді мүшесі Нұрғали Кенжебаев.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button