Жаңалықтар

Көлік картасын толтыру жеңілдейді

Байқоңыр ауданында көлік картасын толтыруға арналған 7 бөлімше ашылды.

Байқоңыр ауданының әкімдігі шағын және орта бизнес нысандарында «PolyCard» жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізді. Жоба ерекшелігі – жол жүру карталарын лезде әрі комиссиясыз толтыру мүмкіндігі. Аудан аумағында «Астана LRT» көлік карталарын толтыратын жаңа бөлімшелердің мекенжайы инфографикада көрсетілген.
Сонымен қатар, ауданда қайталама шикізат қабылдайтын 11 нүктеде көлік карталарын жедел толтыратын бөлімшелер ашылады деп жоспарлануда. Қазіргі уақытта субагенттік келісімшарттардың дайындалуы аяқталуға жақын. Нақты мекенжайы мен қызмет көрсетуінің басталуы қосымша xабарланады.
Бұған қоса, аудан бо­йынша RTVM-терминал­дар мына жерлерде – «Ас­таналық» базарда, «Әлем» сауда орталығын, «Сұңқар» және «Жаннұр» сауда үйле­рінде, «Бараев» аялдамасында (Центр кредит банкінің жанында және Ш.Иманбаева көшесі бұрышында), «Жастар» аялдамасында (А.Кравцов көшесі және А.Бараев көшесі) орналасқан.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button