Қоғам

Конституция – дамудың негізі

Біздің елімізде 30-ға жуық ұлттық, мемлекеттік және кәсіби мерекелер бар. Бірақ солардың ішінде Конституция мерекесін биіктеу көремін. Себебі Конституцияда – мемлекетіміздің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және т.б. мәселелер қарас­тырылған. Барлық заң – Конс­титуциядан бастау алады.
Конституцияда зайырлы, құқықтық- демократиялық мемлекет құрамыз деген үлкен міндеттер қойылды. Әрине, кейбіреулер бұған қанағаттана бермейтін жағдайлар болады. Бірақ мына мәселені ескеруіміз керек: Батыстың кейбір елдерінің Конституция­ларын қабылдағанына ғасырлар болды. Ал біздің Конституциямызға 25 жыл толып отыр. Және осындай уақытта бәрі бола қалмады деп күтудің өзі де астамшылық. Мен бүгінгі қоғамымыздан белгілі бір саяси, әлеуметтік өзгерістердің нышанын байқап, елдің келешегі мен Конституцияның болашағы жарқын болады деп сенемін. Шын мәнінде, күндердің күні Конституция­да көрсетілген теңдік, ынтымақ, татулық секілді үш ұғымның биігінен көрінеміз деп ойлаймын.
Сондықтан жұртшылықты, газет оқырмандарын қасиетті де, саяси күнмен құттықтап, барлық отбасыға амандық, денсаулық, бақыт тілеймін!

Әбдіжәлел БӘКІР,
қоғам қайраткері

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button