Жаңалықтар

Көшбасшы әйел – табысты әйел

«Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында Қоғамдық даму істері басқармасы мен «Қазақстан даму қауым­дас­тығы» заңды тұлғалар бірлестігі әйелдер көшбас­шылығы мектебінің үшінші отырысын ұйымдастырды.

Әйелдердің көшбасшылық қасиеттерін шыңдап, өз құқықтары мен мүмкіндіктерін жүзеге асырудағы білімін арттыруға септігі тиетін жиын барысында танымал бизнес тренер, республикалық деңгейдегі коуч Эмин Әскеров әлеуметтік кәсіпкерлік тақырыбында тренинг өткізді. Гендерлік мәдениетті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған шараға түрлі салада еңбек етіп жүрген әйелдер, көпбалалы аналар қатысты. Эмин Әскеров әлеуметтік кәсіпкерліктің мақсаты – табыс табу емес, әлеуметтік мәселелерді шешу екенін, мүмкіндігі шектеулі балалардың да болашағы бар екенін, оларды еңбекке баулып, ортаға бейімдеп, оларға өз кәсібін бастауына көмек көрсетететіндерін айтты.

Жадыра МҰРАТБЕКОВА

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button