Экономика

Көзін тапқанға – кәсіп көп

Астана қаласы мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.

Жиынға «Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» ММ басшысының орынбасары Гүлмира Ермолдина, қалалық «Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ басшысының орынбасары Әлихан Қуатбеков, қалалық «Қоғамдық даму істері жөніндегі басқармасы» ММ басшысы Данияр Есин қатысты.
Іс-шара барысында сөз алған Гүлмира Ермолдина қазіргі уақытта жалпы сомасы 2,9 трлн теңгені құрайтын 190 жоба жүзеге асырылып жат­қанын мәлім етті. Белгілі болғандай, оның ішінде 44 жобаға шетелдік инвесторлар мен транс­ұлттық компаниялар атсалысуда.
– Жүйелі жұмыстың нәтижесінде 192 млрд теңгені құрайтын 52 жоба пайдалануға беріліп, 4100 жұмыс орны ашылды. Сондай-ақ, құны 2,3 трлн теңге болатын 121 жобаның құрылысы жүріп жатыр. Мұнда 12 мың тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Ал қалғаны әзірге жобалану сатысында, – деді «Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» ММ басшысының орынбасары.
Кездесу барысында сөз алған Данияр Есин өзі жетекшілік етіп отырған басқарманың жұмысы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қамтуға бағытталғанын айтып өтті. Ал негізгі бағыттардың бірі Астанада шағын және орта бизнесті дамыту болып отыр екен. Осы ретте Қоғамдық даму істері жөніндегі басқарманың бастамасымен еліміздегі БАҚ беттерінде бизнесті насихаттауға байланысты 76 материал жарияланыпты. Сөз арасында ол соңғы уақытта елордалықтардың өз кәсібін ашуға деген қызығушылықтары артып келе жатқанын ерекше атап өтті.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button