Ел тынысы

Мәслихат жұмысы қорытындыланды

Астана қалалық мәслихатының хатшысы Ерлан Каналимов жаңа жылдың басында мәслихаттың 2022 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысын шығарды. Оның айтуынша, өткен жылы мәслихатта 35 сессия өткізілген. Соның ішінде 7 кезекті және 28 кезектен тыс сессияда 270-тен астам мәселе қаралып, тиісті шешімдер қабылданған.

– Әлеуметтік саланың дамуына үлкен үлес қосылды. Біз әлеуметтік сала қыз­меткерлерінің жалақысын арттыру, төтенше жағдай қызметкерлеріне әлеуметтік көмек көрсетуге қаражат бөлу, газға қосылған кезде аз қамтылған отбасыларға материалдық көмек көрсету, мүгедектігі бар балалар мен ересектерді оңалту және т.б. бойынша ұсыныстарды қолдадық. Жергілікті жағдайды нақтылау үшін 200-ден астам көшпелі отырыс өткізілді, олардың жұмысына мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ басшылары, еңбек ұжымдары қатысты. Тұрғын үй алаптарын абаттандыру деңгейін арттыру бойынша мақсатты жұмыстың қорытындысы Алматы ауданында орналасқан «Юго-Восток» шағын ауданының кешенді даму жоспарын әзірленіп, жүзеге асуда. Осы жоспарға сәйкес басқа алаптарды дамыту жоспарлары дайындалды, – деді Е.Каналимов.

Сонымен қатар қала аудандарының тұрғындарымен кездесу қорытындысы бойынша денсаулық сақтау, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы негізгі мәселелерді жүйелеу де – маңыз­ды жетістік. Нәтижесінде болжамды шығыстар мен қаржыландыру көзі ескеріле отырып, үш жылдық кезеңге арналған жұмыс жоспары дайындалған.

«Біз алғашқылардың бірі болып «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған 30 игі іс» акциясын қолдадық және әлі де өткізіп жатырмыз. Орта және жоғары оқу орындарында жыл сайынғы тегін оқу гранттары, ауруханаларды қорғау құралдарын сатып алу мен қымбат заманауи жабдықтарды сатып алдық» дейді мәслихат хатшысы. VII шақырылымдағы депутаттар екі жыл ішінде елорданың мұқтаж тұрғындарына, сондай-ақ оқу және медициналық мекемелерге 1 млрд теңгеден астам сомаға қайырымдылық көмек көрсеткен.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button