Мәдениет

Ертегілер әлеміне жетеледі

Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы Балалар жылы аясында кішкентай көрермендерге музыкалық сый ұсынып, «Ертегілер әлемі» атты концерт өткізді.

Концертке мәдениет қайраткері Шолпан Қорғанбектің «Артспорт» өнер студиясының шәкірттері, «Қорқыт» этно-ансамблі, үрлемелі оркестр, «ALEM» эстрадалық би ансамблі, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Әйгерім Ораз, Парасат Отан, Диана Май, Әкімхан Мәженов, Мұратбек Хайролда қатысты.

«Ертегілер әлемі» концерті – ең талғампаз көрермен үшін өте қызықты жоба. «Артспорт» өнер студиясының оқушылары – өздерінің жастығына қарамастан, жетістікке қол жеткізген өнерпаздар. Біз студияға балаларды ерте жастан бастап қабылдаймыз, оқытамыз және әртүрлі концерттерге, байқаулар мен фестивальдерге жібереміз. Концертте жас өнерпаздар түрлі жанр мен стильдегі шығармаларды орындап, талғампаз көрермендерді таңғалдырды» деді Шолпан Қорғанбек.

Концертте жеке вокалдық және аспаптық (флейта) «Қорқыт» этно-ансамблінің сүйемелдеуімен вокалдық-аспаптық дуэттер және ансамбльдер өнер көрсетті.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button