Жаңалықтар

Мәңгілік тақырып – махаббат

Л.Н.Гумилев атындағы Еу­­разия ұлттық университеті жур­­налистика және сая­сат­­та­­ну фа­­культетінде осымен­ екін­­­­ші­­ жыл «Қозы мен Баян» кү­­­ні ата­­лып өтті. 2-курс сту­­­дент­­­­­терінің өз ықылас, қы­­зы­­­­ғу­­­­шылықтарымен ұйым­­­­дас­­­ты­­рылған мерекеге 7 жұп қа­­­­­тысты. Қазақ тарихындағы «Ең­­лік-Ке­­бек» жыры, Алаш қай­­­­­­рат­кер­­лерінің асыл жарла­­ры, екін­­шідүниежүзілік со­­ғыс­­қа аттанған жауынгерлер­ ма­­хаб­­баты, қыз бен жігіт ай­­тысы, сондай-ақ, әдеби шы­­ғар­­малардағы көркем бейнелер сахналанды.

Кеш қорытындысында «Ең­­­­ жа­­расымды жұптар» анық­­­­талып, оларға арна­­йы сый­­лықты факультет де­­каны Қай­­рат Сақ, профессор Сәуле Тапанова, рес­­публикалық «Түгел Ме­­диа» бірлестігінің тө­­раға­­сы Сәдібек Түгел, «Тіл»­ жур­­налының бас­ ре­­дак­­то­­ры Нұргүл Қара­ғой­­ши­­на жә­­не былтырғы осындай ме­­­­рекелік шараның же­­ңім­­паз­­дарына сый-сыяпат табыс етті.

Жастардың сүйікті мере­­кес­іне айналған «Қозы мен Баян» күнін осымен екінші жыл ұйымдастырып келе жат­­қан факультет доценті Ғалия Ақсейіт бұл мерекенің жас­­тарға берер тағылымды тұстарына тоқталды.

Айжан ҚАСЫМОВА, Еуразия ұлттық университетінің 2-курс студенті

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button