Басты ақпаратОқырманнан он сұрақ

Марина ВОЛЬНОВА, бокстан Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері: АРМАНЫМ – ОЛИМПИАДА АЛТЫНЫ

– Марина, Лондон дүбірінің аяқталғанына да біраз болды. Өзің­ді Олимпиада жүлдегері ретін­де сезіну бақыт шығар?

Орал, қала тұрғыны

– Әрине, қуанышымда шек жоқ. Олимпиададан алған әсе­рім­ді сөзбен айтып жеткізе алмай­­мын. Жүл­делі орынға ілік­кенім­­де ең алдымен маған сенім артқан жанкүйерлерімді жерге қарат­па­ға­ныма қуандым. Әрбір жанкүйердің қолдауын Олимпиада төрінде сезіндім. Бұл жеңісіме жетелеген де – осы жанкүйерлердің ізгі ниеті. Жекпе-жек туралы айтатын болсам, қолаға қол жеткізудің өзі оңай соқпады. Қарсыластарымның барлығы мықты болды.

– Қазан-ошаққа қырыңыз бар ма?
Жайдарман НҰРКЕНОВА, студент

– Үй шаруасына ебім бар деп айта аламын. Барлық қыздар секілді ас әзірлеп, үй жинау менің де қолымнан келеді. Қыз бала болғандықтан, біз де әдемілікке құштармыз, жанымыз нәзік. Бірақ, шаршы алаңда ерекше өжеттік керек. Ал, негізінен, өзге қыздардан еш ерекшелігім жоқ.

– Олимпиада жүлдегерлеріне ке­­­ле­­­сі Олим­пиадаға қатысасыз ба де­­ген сауал­дар жиі қойы­лу­да. Бі­рі бар­май­ты­нын айтса, екін­­ші­сі Бра­­­­зи­­лия­­дан алтын әкеле­мін деп уәде берді. Өзі­ңіз келесі Олим­­­­­пиа­­да ту­ралы ойланып көр­­ді­ңіз бе?
Данияр, дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі

– Бразилиядағы Олимпиада­да үз­дік нәтижеге қол жеткізу – ме­нің ар­ма­ным және соған ұмты­ла­­мын. Осы арманымды жүзеге асы­­руға қа­з­ір­ден бастап кірісіп кет­­тім. Өйт­кені, әлем аренасында Қазақстанның абыройын асқақтатуды басты міндетім деп білемін.

– Былайғы өмірде бокстағы ше­бер­лігіңізді қолданып көрді­ңіз бе?
Дидар, күзетші

– Жоқ, қолданып көрмеппін.

– Марина, қарындасым, жеңі­сің құтты болсын! Өзің спорт­қа қалай келдің?
Нұржан, қала тұрғыны

– Бокстан бұрын мен дзюдомен айналысқам. Алайда, ауыр жа­р­а­қат алып, бозкілемге шыға алмай қал­дым. Содан бокспен айна­лы­сып көрмекші болдым. Негізінен, бокс үйірмесіне жай қызы­ғу­шы­лық­­­пен, өз-өзімді қорғау үшін қатыс­қанмын. Кейін жарыстардан құр қайтпай, жүлделі оралатын бол­дым. Осылай боксқа деген шын қызығушылығым оянды. Дзю­доға қатысып жүргенімде еш­кім қар­сылық білдірген жоқ. Бі­рақ бокс­­пен айна­лы­суыма анам үзіл­ді-кесіл­ді қарсы шықты. Отбасымыз­да менен өзге екі ағам бар. Әкем мен бауырларым мені қуана құп­­тады. Анамның қарсылығына қа­ра­­мастан, жаттығуымды жалғас­ты­ра бердім. Дегенмен, кейіннен жарыстар­дан олжалы орала баста­ға­ным­да анам да келісімін берді. Қазір анам – менің ең жақын жанкүйерім.

– Спорттан басқа жаныңызға не жақын?
Диана ИБРАЕВА, жас маман

– Спорт менің өмірімнің негізгі бөлігін құрайды. Спорттан қол босаған кездері кітап оқимын. Өлең айтқанды жақсы көремін. Сосын достарыммен кездесіп, көңіл көтеремін.

– Қазақ жігітіне тұрмысқа шы­ғар ма едіңіз?
Санжар АСЫЛЖАНОВ, банк қызметкері

– Әрине. Ең бастысы, сол адам­ның саған деген кіршіксіз көңілі, саналы сезімі болса, болды.

– Қола медаль иегері атанғанда сізді ең бірінші кім құттықтады?
Ерасыл ЖҰМАШКЕ, оқушы

– Бапкерім, одан кейін ата-анам. Содан кейін құттықтаулар толассыз жауып жатты.

– Тұрақты жұмысыңыз бар ма?
Айзат, есепші

– Астана қаласында Ішкі істер департаментінде полк инспекторы болып қызмет етемін.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button