ӘлеуметБасты ақпарат

Мемлекет басшысы басты басымдықты белгіледі: азаматтарды әлеуметтік қорғау

 «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезіндегі Қазақстан Президентінің ел алдына қойған міндеттеріне қатысты пікірімен елордалық мәслихаттың депутаты Мұхтар Төлеутаев бөлісті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

 

– Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бүгін көтерген бастамалары халықтың осал топтарының жағдайын жақсартуға бағытталған. Әсіресе, көпбалалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, бюджет саласында жұмыс істейтін тұрғындарға баса назар аударылатын болады. Нақтырақ айтқанда, Президент мемлекет дамуының басымдығын атады. Бұл – азаматтарды әлеуметтік тұрғыда қолдау. Тағы да бір міндет – денсаулық сақтау саласын дамытуды қолдау. Дені сау ұлт – мықты ұлт. Мемлекет басшысы барша азаматтарды тұрғылықты жеріне қарамастан сапалы денсаулық сақтаудың қолжетімділігімен қамтуды тапсырды. Үкімет, жергілікті атқарушы органдар мен партиялықтардың алдында Қазақстанның дамуына қатысты Ұлт көшбасшысының қойған тапсырмаларын орындауға кірісу бойынша нақты міндет тұр.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button