Тәуелсіздікке 30 жыл

Мүмкіндіктерге жол ашты

Тәуелсіз елдің ұланы ретінде елімнің өркендеуіне қалай үлес қоссам деп көп ойландым. Осы орайда Қазақстанды әлемге әйгілеп, экономикасын дамыту үшін бизнесті дамыту қажет деген тоқтамға келдім. Өмірлік мақсатым – отандық бизнесті дамытуға өз үлесімді қосу. Әрине, тау қопарамын деп уәде ете алмаймын. Дегенмен қазақстандық бизнестің дамуына өз үлесімді қоссам деген мақсатымды жүзеге асыруға тырысамын. Ал бизнесте шетел нарығына шығуды, қазақстандық тауарды насихаттауды мақсат етіп отырмын.

[smartslider3 slider=1513]

Осыдан 30 жыл бұрын елімізде азаттықтың таңы арайлап атқанда дүние есігін ашқандардың бірімін. Бұл сәйкестікті жақсылыққа балап, үнемі мақтан етіп жүремін. Тәуелсіздіктің құрдасы екенім ерекше жауапкершілік жүктейді. Ол алдымен өз Отаныңның патриоты болудан, еліңе қалтқысыз қызмет етуден басталады. Тәуелсіздік бізге көп мүмкіндіктерге жол ашты. Иә, біз кешегі тоқырауда дүниеге келген ұрпақпыз. 90-жылдары қиыншылықты бастан өткердік, үйде жарық, су, тамақ болған жоқ, барлығын көрдік, бірақ одан өттік аман-есен. Жақсы заманға келдік. Мұның барлығы да тәуелсіздіктің арқасы. Сондықтан тәуелсіздігіміздің қадіріне жете білейік! Ел егемендігі мәңгілік болсын! Дарынды, еркін ойлы жастарымыз ел дамуына аянбай еңбек ете берсін! Барлық отандастарымды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтаймын! Егемендік көптеген азаматтарымыздың жұлдызын жарық етті. Біздің осы жылдары жеткен ең үлкен жетістігіміз – саналы да сапалы қазақстандықтардың қалыптасқаны.

Арман ТОҚСАНБАЕВ, кәсіпкер

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button