Денсаулық

Мың сан сауал орталығы

Бұқаралық ақпарат өкілдері Астана Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы медициналық ақпараттық байланыс орталығында (Саll-centre) болып, оның жұмысымен танысты.

«1430» нөміріне телефон шалу арқылы адам денсаулығына қатысты, қаланың медицина саласы қызметінің сапасы, мекемелердің жұмысына қатысты кез келген өтініш-талапты айтып, сұрақтарының жауабын алуға болады. Ол үшін орталықта 41 қызметкер, оның ішінде 29 оператор, 9 медициналық кеңесші, 1 ғылыми жетекші жұмыс істейді.
Сонымен бірге, келіп түскен ақпараттарды тіркеп, оны ретіне қарай тиісті медициналық мекемелерге таратып, оның жүзеге асырылуына да бақылау жасай алады. Мысалы, орталыққа өткен айда 52 мың адам хабарласса, жыл басынан бері 217 мың қоңырау шалынып, тұрғындар өз сұрақтарының жауабын алған.
Бұл қызметтің тиімді жері – адам денсаулығына қатысты жайттарды, алғашқы кеңесті дәрігерлерден білуге болады. Жағдайға қаныққан тәжірибелі дәрігер бағыт сілтеп, әрі қарай оқиғаның дұрыс өрбуіне жол көрсетеді.
Бұдан бөлек, астаналықтардың арасында тү­сіндірме жұмыстарын да жүргізе алады. Амбулаториялық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету, міндетті медициналық сақтандыру қорына қатысты мәселелер де жақсы кеңесші бола алады. Осы қызметтің жа­уапты басшысы Ләззат Рыс­пекова орталыққа күніне 2 мыңдай адам хабарласатынын айтты.

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button