Басты ақпаратЖаңалықтар

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: БІЗДІҢ ПАРЫЗЫМЫЗ – ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІ ҚОРҒАУ

Кеше Ақордада Мемлекет басшы­сының Жарлығымен Отан қорғаушы күні қарсаңында әскери және қызметтік міндеттерін атқару кезінде ерлік пен батылдық көрсеткен, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік пен елдің қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуге, заңдылық пен қоғамдық тәртіпті нығайтуға елеулі үлес қосқан бір топ әскери қызметші, құқық қорғау органдары мен ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталды. Барлығы 43 адам орденмен, 63 адам медальмен және 2 адам Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен атап өтілді.
Нұрсұлтан Назарбаев жиналған­дарды алдағы Отан қорғаушы күнімен және Ұлы Жеңістің 71 жылдығымен құттықтады.
– Ұлы Отан соғысы – ұмытылмас тарих сабағы. Бір жағынан, ол бізге әлемнің нәзіктігін еске салады. Екінші жағынан, адам рухының беріктігі мен қуаттылығын көрсетеді. Отанымызды қорғай білген, бізге бейбіт өмір сыйлаған жерлестеріміз осындай болған. Сол соғыстың қаһармандарының есімі тарих парағына мәңгі жазылып қалды. Біздің парызымыз – елдің қауіпсіздігін сақтау, биыл 25 жылдығын атап өтетін Қазақстанның Тәуелсіздігін қорғау, – деді Мемлекет басшысы.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button