Сұхбат

Өміржан ТӘШІМОВ, «Astana Innovations» АҚ басқарушы директоры: ЖЕДЕЛСАТЫ БАСҚАРУДЫҢ ОРТАҚ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛЕДІ

Алдағы уақытта Smart-lift жобасы аясында елордадағы барлық лифттерді басқару бір жүйеге жинақталатын болады. Осы ретте ортақ жүйенің артықшылығы туралы «Astana Innovations» АҚ басқарушы директоры Өміржан Тәшімов айтып берді.

Жобаның алға қойған міндеті қандай?

– Лифт шаруашылығын түгелдей бірыңғай лифт жүйесіне біріктіру. Ол арқылы қаланың лифт шаруашылығына мониторинг жасап, оны басқару.

Жаңа жоба қашан жүзеге аспақ?

– Smart-lift – былтыр технологиялық бизнес-инкубациялау бағдарламасының аясында іріктеп алынған бес инновациялық start-up жобаның бірі. Ол жобаның толық қуатқа шығуы жобаны ұсынушыға байланысты. Жыл соңына дейін пилоттық режимде жүзеге асырыла бастайды.

Лифттер пайдаланудың қауіпсіздігі бағдарламада қаншалықты қамтылды?

– Бұл лифттерді пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан қаланың лифт шаруашылығы дамуын көздейді. Бізге қаладағы барлық лифттердің, әр қабаттағы есіктердің ағымдағы жағдайын бақылауға мүмкіндік беретін сәйкес бағдарламалық өнім жасау болып табылады. Бірыңғай жүйе төтенше жағдайлар кезінде белгілі бір лифттерді интерактивті басқаруға мүмкіндік береді. Қауіпсіздік бойынша жағдайлар қарастырылып, лифттерге бірыңғай төлем жүйесі арқылы кіруді қамтамасыз ету жоспарланған.

Бірыңғай төлем жүйесі деген­ге түсінік бере кетсеңіз…

– Бүгінде түрлі лифт компания­лары түрлі модификациядағы кар­таларды пайдаланса, біз бірыңғай төлем жүйесін енгізуді ұсынамыз. Бұл – кіреберіс арқылы кіру және осы кілт жүйесін лифтке кіру үшін пайдалану. Болашақта біз лифтінің ішіне бейнебақылау енгізуді жоспарлап отырмыз. Бұл да қауіпсіздікті күшейтеді. Ин­вестиция алдындағы кезең – бұл қажет құжаттар мен жабдықтарды дайындау, «пилоттық» іске қосу. Біз осы жылдың соңына дейін жоспарлап отырмыз. Келесі жыл – бұл белсенді инвестициялық кезең, онда бұл сервисті қосымша тұтынушылармен жұмыс басталып, оны Астанада ғана емес, басқа да өңірлерге шығару жоспарланған. Кеден одағын ескерсек, start-up жобасының Ресей мен Беларусь нарықтарына шығу мүмкіндігі бар.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button