Мәдениет

Өнерпаздар Шығысқа аттанады

Астананың 20 жылдығына арналған «Астанадан ақ тілек» атты арнайы бағдарлама аясында елорданың шығармашылық ұжымдары Шығыс Қазақстанға аттанады.

Ең алдымен астаналық өнер­паздар 17-18 шілде күндері Семей қаласында өнер көрсетеді. Астана күндері «Абайдың қара сөздері және әндері» концертімен басталады. Оған Астана қаласының Мемлекеттік академиялық филармониясының Қазақ оркестрі, классикалық, эстрадалық және халық вокалының солистері қатысады.
Спортсүйер қауым балалар-­жасөспірімдер спорт мектебінде дзюдодан Астана мен Семей қалаларының командаларының арасындағы жолдастық кездесуді тамашалай алады.
Невзоровтар атындағы Шығыс Қазақстан облыс­тық бейнелеу өнері музейінде отандық 50 суретшінің түрлі жанрларда салынған бірегей 100 картинаны көруге болады. Тәуелсіздік сарайы дайындаған «Ақ тілекпен, Астана!» көрмесі өнерсүйер қауымның ыстық ықыласына бөленіп келеді.
19-20 шілде күндері елордалық әртістер Өскемен қаласына ат басын тірейді. Мұнда «Ертіс» концерт залында «Астанадан ақ тілек» гала-концерті көпшілік назарына ұсынылады.
Жергілікті мұз айдыны аренасында шайбалы хоккейден «Астана-2009» және «Торпедо-­
2009» командалары арасында жолдастық кездесу ұйымдастырылады.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button