Жаңалықтар

Қадірлі ардагерлер! Құрметті қала тұрғындары және қонақтар!

Баршаңызды Жеңіс күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Биыл – Ұлы Жеңіске 74 жыл. «Ешкім де, ештеңе де, ешқашан да ұмытылмайтыны» ақиқат.
Сұрапыл соғыс жылдары бізден алыстаған сайын оның маңызы биіктей түсуде. Отан үшін кеудесін оққа тосып, жанын пида еткен жауынгерлерімізді жыл сайын еске алып, олардың рухына тағзым ету – біздің ең басты парызымыз.
Елбасымыз өз сөзінде: «Ерлікке – мәңгі тағзым. Біз уақыт өткен сайын майдангерлердің, яғни Сіздердің жауынгерлік қаһармандық ерліктеріңізді жиі еске алатын боламыз» деп ерекше атап өткен болатын.
Өйткені Ұлы Жеңіске біздің батыр әкелеріміз бен аталарымыздың қаһармандық ерлігінің, тыл ­еңбеккерлерінің қажырлы еңбегінің арқасында қол жеткіздік.
Ерлік – елге мұра, ұрпаққа үлгі. Бұл қастерлі Жеңіс күні – аға ұрпақтың өшпес ерлігімен, ерен ­еңбегінің мәңгілік символы!
Баршаңызға зор денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық пен бақыт тілеймін!
Мереке құтты болсын!

Құрметпен, Бақыт СҰЛТАНОВ,
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button