Басты ақпаратЕлорда тынысы

Қар тазалау қарқынды

Айнала аппақ. Түнімен жауған ақ ұлпа Астананы әп сәтте ақ мамыққа орады. Қардың қалың жаууына байланысты қаланың барлық коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеді. Елордада қар тазалау жұмысына 1000-ға жуық арнайы техника мен 2300 жұмысшы жұмылдырылды. Кешелі бері бас қалада жауған қар елордалықтарды едәуір әбігерге салды. Түні бойы толассыз жауған ақ ұлпа қала тұрғындары мен көлік қозғалысына кедергі келтірмес үшін коммуналдық шаруашылық саласының мамандары қар тазалау жұмысын іркіліссіз атқаруда. Осылайша, бірінші кезекте орталық көшелер, жаяу жүргіншілер жолы мен аялдамалардың маңы тазаланып жатыр.

Соңғы екі күннен бері елордадан арнайы полигондарға шамамен 3,5 мың текше метр қар шығарылды, бұл 276 рейсті құрады. Қыс басталғалы қала көшелерінен барлығы 2815 ауыр жүк көлігі қар полигондарына 36 мың текше метрден астам қар шығарды. Ал кеше Астананы қар мен мұздан тазартуға 2300 жол жұмысшысы және 1 мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды.

Иә, әсіресе қар жауған күндері қаланың коммуналдық қызмет мекемелерінің жұмысшыларына тыным жоқ. Өздеріне жүктелген жұмысты дер кезінде атқару үшін олар уақытпен санаспай еңбек етеді. Өйткені жауған қар жерде жата берсе тапталып, кейін оны жинау да оңайға соқпайтыны белгілі. Ақ ұлпа қалыңдаған сайын, жұмыс та ауырлай түседі. Ал бұл техникалардың бұзылуына, кейде тіпті істен шығуына әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан, қай жұмысты болсын уақытында атқарған жақсы.

Қаланың кейбір аудандарын қалың қар басып, көлік қозғалысына кедергі келтіруде. Тұрғындардың жүріп-тұруына осындай келеңсіздіктер тудырмас үшін бірінші кезекте орталық көшелер, жаяу жүргіншілер жолы мен аялдамалардың маңы тазалануда. Осылайша елорданың барлық ауданында қардан тазарту, көктайғақтың алдын алу үшін құм-тұз қоспасын себу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Алматы ауданы әкімдігінің өндірістік-техникалық бөлім басшысы Батырхан Жазықпаевтың  айтуынша, аталмыш аудан аумағында қар тазалау жұмысы әдеттегідей қарқынды жүргізілуде. Аудан бойынша бұл жұмыстарға барлығы 223 техника жұмылдырылып, 625 адамның күшімен полигонға 1568 шаршы метр жердің қары шығарылды. Аудан аумағындағы техникалар өткен түнде 132 рейс жасаған. Қараша айы басталғалы бері аудан аумағынан барлығы 11036 текше метр жердің қары тазаланды.

Байқоңыр ауданы да қар тазалау жұмыстарына белсене кірісті.

Қардың қалың жаууына байланысты аталмыш ауданының коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп, қар тазалау жұмыстары екі ауысымда тәулік бойы жалғасуда.

Соңғы екі күннен бері Байқоңыр ауданында 170 текше метр аумақта қар тазаланып, барлығы 20-дан аса рейс қар полигонына шығарылды.

Жолдардың өткізу қабілеті тиісті деңгейде қалуы үшін аудан көшелерінде 150-ден астам техника жұмыс істеп жүр. Елорданың коммуналдық қызметі тәулікпен санаспай: күн-түн демей дамылсыз еңбек етуде. Көшелерді қардан тазалау жұмыстары дәл осы бағыт бойынша жүргізіледі: күндіз үлгермесе, жұмыстар түнгі уақытта жалғасады.

Қала аумағын қалың қардан тазалау жұмыстарына Сарыарқа ауданы бойынша 233 бірлік техника мен 492 жол жұмысшы жұмылдырылып, олар барлығы 7220 текше метр жердің қарын тазалады. Аудан жұмысшылары болса бір күнде техникамен 618 рейс жасады.

Есіл ауданындағы коммуналдық қызмет мекемелерінің жұмысшыларына да тыным жоқ. Өздеріне жүктелген жұмысты уақытында атқару үшін олар барын салуда. Өйткені жауған қар жата берсе, тапталып, кейін оны жинау да оңайға соқпасы анық. Аталмыш аудан бойынша көшелерді қардан тазарту жұмыстарына барлығы 227 арнайы техника, 732 жұмысшы жұмылдырылған. 18 бірлік техника құм-тұз қоспасын төгумен айналысса, екі күн аралығында 88 рейс қар тасылып, 1280 текше метр аумақтан қар шығарылды.

Мамандардың мәлімдеуінше, қар тазалау жұмыстарында күндізгі уақытта кедергілер көп кездеседі екен. Ал түнгі уақытта жұмыс істеудің өз артықшылықтары бар: машиналар аз, тиісінше қозғалыс та көп емес.

Барлық аудандарда жанар-жағар майдың қоры жеткілікті, автокөліктің үздіксіз жұмысы және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жедел шаралар қабылдау үшін диспетчерлік қызметтер құрылған, механиктер бригадасы тұрақты жұмыс істейді. Түнде температура төмендеген кезде қар қатып, таңертең қала тұрғындарына қиындықтар туғызбас үшін тоқтаусыз жұмыстар жүргізілуде. Бұл ретте көше қапталдарында кептелісті болдырмау басты назарға алынып отыр.

Қайда хабарласуға болады?

Астана қаласының аудандық әкімдіктерінде көшелерді және аулаларды тазалауға жауапты адамдар жұмыс істейді. Қаладағы қар тазалауға қатыс­ты туындаған барлық мәселелер бойынша осы бөлімдерге хабарласуға болады. Төменде олардың байланыс телефондарын жариялап отырмыз.

 Алматы ауданы:

  • Көшелер мен тротуарларды тазалау мәселелері бойынша – 55-18-47, 8 (702) 868-66-33 (Батырхан Жазықбаев, өндірістік-техникалық бөлімнің басшысы); 55-73-01, 8 (747) 032-65-07 (Айнұр Тұрсынмұрат, өндірістік-техникалық бөлімінің бас маманы);

* орамішілік кеңістіктер мен аулаларды тазалау мәселелері бойынша – 8 (702) 60-38-319, 55-18-43 (Бақтияр Топаев, абаттандыру бөлімінің басшысы); 8 (701) 478-74-77, 55-18-44 (Бағжан Бидахметов, абаттандыру бөлімінің бас маманы); 8 (778) 001-01-48, 55-18-45 (Әкімжан Болтаев, абаттандыру бөлімінің бас маманы); 8 (701) 394-27-75, 55-18-46 (Айнұр Сақыпова, абаттандыру бөлімінің бас маманы).

Байқоңыр ауданы:

* Ауданның қалалық бөлігін тазарту мәселелері бойынша                          – 8 (708) 205-05-56 (Рахат, өндірістік-техникалық бөлімнің басшысы); 8 (747) 777-93-74 (Абай, өндірістік-техникалық бөлімнің бас маманы); 8 (700) 700-06-55 (Аслан, өндірістік-техникалық бөлімнің бас маманы); 8 (778) 766-66-89 (Арсен, өндірістік-техникалық бөлімнің бас маманы); 55-73-76;

* «Өндіріс» тұрғын алабын тазарту мәселелері бойынша –                 8 (701) 199-61-61 (Ержан Қасымбеков, тұрғын алабындағы бас инспектор);

* «Кирпичный» тұрғын алабын тазарту мәселелері бойынша – 8 (701) 233-23-33 (Ержан Қарабаев, тұрғын алабындағы бас инспектор).

Есіл ауданы:

  • Көшелер мен тротуар­ларды тазарту мәселелері бойынша – 8 (700) 455-89-69 (Фархад, өндірістік-тех­никалық бөлімнің басшысы);

* орамішілік кеңістіктер мен аулаларды тазалау мәселелері бойынша – 8 (701) 628-46-86 (Жаслан, абаттандыру бөлімінің басшысы).

Сарыарқа ауданы:

* Аулалар мен орамішілік кеңістікті тазарту мәселелері бойынша – 8 (702) 236-33-35 (Айдос, қоғамдық кеңістікті абаттандыру және дамыту бөлімінің басшысы), 55-65-11, 55-66-12;

  • көшелер мен тротуарларды тазарту мәселелері бойынша – 8 (778) 916-89-05 (Темірлан, коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы); 8 (777) 570-57-08 (Нұржан, коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы); 55-66-13, 55-66-20, 55-74-72, 55-64-95, 55-66-15.

 

 

Тағыда

Гүлбаршын Өкешқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button