Мәдениет

Қобыздан күй төгілді


Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Е.Рахмадиев атындағы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясына қарасты «Бойтұмар» қобызшылар квинтетінің (көркемдік жетекшісі – Мәдениет саласының үздігі Жанар Қасымова) «Тәуелсіздік сарыны» атты концерті өтті.
Квинтет құрамындағы Жанар Жүсіпова, Мәдениет саласының үздігі Ботагөз Тәшімова, халықаралық байқаулардың лауреаты Жанар Қасымова, республикалық байқаулардың лауреаттары Айнұр Шәріпова мен Ақнұр Бағидуллаева қобыз атасы Қорқыттың күйлерінен бастап өнер ұжымына арнайы жазылған шығармаларды орындады.
«Шалқыма» халық би ансамблінің әртісі Ақбаян Серікқазина мың бұралған билерді биледі. Кеш қонақтары – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Шахимардан Әбілов ұлы Абайдың әндерін шырқаса, опера әншісі Айзада Капонова халық әндерін салды.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button