Мәдениет

Жастар театрында жаңа премьера

[smartslider3 slider=683]

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жастар театрында» 2021 жылдың 23-24 қазан күндері, сағат 19:00-де ағылшын драматургі У.Шекспирдің «Ханзада» (Hamlet) трагедия­сының премьерасы өтеді.
«Гамлет» – әлемдік классик Уильям Шекспирдің әлем бойынша ең көп сахналанған шығармаларының бірі. Туындыда адам жанының сан түрлі мінезі ашылады. Қойылымның көрер­менді ойлантар ойлы тұстары мол.
[smartslider3 slider=599] Трагедияның басты кейіпкері – корольдің жалғыз ұлы ханзада Гамлет. Әкесі қастандықпен өлтірілгеннен соң, көп ұзамай анасының тақты иемденген туысқан ағасы Клавдийге тұрмысқа шығуы Гамлетті шексіз жан азабына душар етеді. Оның көзіне бүкіл дүние қараңғы, тұңғиық, мазмұнсыз көрінеді. Тосыннан болған мұндай қорқынышты оқиғалар оны әділетсіздік пен зұлымдыққа қарсы күреске шақырады. Әкесінің өлімі үшін кек алудан бөлек, ендігі жерде ол өзімен, өзіндегі қарама-қарсы, күрделі ойлармен, түсініктермен арпалысады.
Қойылым режиссері – театрдың көркемдік жетекшісі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай.
Театрдың шығармашылық ұжымы сондай-ақ белгілі драмматург Болат Бекжановтың «Өмір» деп аталатын спектаклінде көпшіліктің назарына ұсынды.
–Болат Бекжановтың туындысы. Спектакльде сәби иісін аңсаған жас жұбалайлардың басынан кешкендері суреттеледі. Амалы таусылған кейіпкерлер эко жастау,сурогатты ана көмегіне жүгіну, бала асырап сынды шешімдер қабылдайды. Оқиға көрерменге арқылы сол кездегі әр кейіпкердің ішкі жан дүниесін, толғанысын ашуға тырыстық, – дейді «Жастар» театрының актері Бақыт Хаджибаев.


 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button