Руханият

Сәкен тағылымы

Көрнекті мемлекет қайраткері, ақын, драматург, жазушы, халық композиторы Сәкен Сейфуллиннің туған күніне орай елордадағы ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, Сәкен Сейфуллин музейі мен С.Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясы, «Астана дарыны» орталығы мектеп оқушылары арасында қалалық «Сәкен оқулары» байқауын бірігіп өткізді.
Шараға белгілі қоғам қайраткері Оралбай Әбдікәрімов, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлы, бас қаладағы тұлға музейінің тұңғыш директоры Роза Асылбекова, Сәкеннің нағашы қарындасы Асылгүл Әбіш бастаған зиялы қауым өкілдері, музей қызметкерлері қатысып, Сәкен Сейфуллин рухына тағзым етті.
Дәстүрлі қалалық «Сәкен оқулары» ұйымдастырылып келе жатқанына 10 жылдан асты. Биылғы байқау Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында өтті. Байқауға қаламыздағы елу үш мектеп қатысып, жүзден аса оқушы үміткер болды. Төрт аталым бойынша 36 оқушы жеңіс тұғырынан көрінді.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button