Жаңалықтар

Құрметті астаналықтар және қала қонақтары!

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Татулық пен ынтымақ – xалқымыз үшін қастерлі ұғым. Өйткені бірлігі мен берекесі жарасқан елдің алар асуы көп, келешегі кемел. Жаңарған әлемдегі жаңа Қазақстанның қол жеткізген бар жетістігі, ең әуелі ұлт пен түрлі ұлыстарды бір шаңырақ астына топтастырған ішкі бірлігімізге байланысты.

Қазақ жеріне түрлі тарихи себептермен жиналған көптеген диаспоралар бүгінде діні мен ділін және төл құндылықтарын жаңғырта отырып, ортақ Отанымыздың шынайы патриоттарына айналды.
Елордамызда дүние жүзінің түрлі конфессиялары мен ұлт өкілдері бас қосып, әлемдік маңызды мәселелердің түйінін тарқатуда. Қазақстан халқының Ассамблеясы жемісті қызмет етуде. Мұның бәрі Елбасымыздың салиқалы саясаты мен халқымыздың кеңпейіл, ақжарқын болмысынан бастау алады.
Мерекеден мерекеге мол табыспен, жаңа жетістіктермен жете берейік. Ынтымағымыз нығая берсін!

Әсет Исекешев,
Астана қаласының әкімі

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button