Жаңалықтар

Қыс шанаңды жаз ойла

Кеше 2017-2018 жылдардағы жылыту маусымының қорытындысы мен келесі маусымға дайындығы туралы және 2018-2020 жылдарға арналған «Астанаэнергосервис» АҚ компаниялар тобының даму стратегиясын жүзеге асырудың нәтижелері жайлы баспасөз мәслихаты өтті.


Жиын барысында жылыту маусымы мен кәсіп­орын жайлы мағлұмат берген «Астанаэнергосервис» АҚ басқарма төрағасы Ардақ Тиес пен оның орынбасарлары журналистердің сауалдарына жауап берді.
– Өткен жылдың 27 қыркүйегінде басталып, биылғы 10 мамырда аяқталған, яғни 226 күнге созылған жылыту маусымы қалыпты деңгейде өтті. Қыс бойы 10 қазандық және 7 турбиналық агрегат жұмыс істеді. Көмірді тұтыну шығыны 2,76 миллион тоннаны, мазутты тұтыну шығыны 7,5 мың тоннаны құрады, – дейді Ардақ Тиес.
Алдағы жылыту маусымы да ойдағыдай болатынына сенім білдірген «Астанаэнергосервис» АҚ басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Харханбай Жұпархан мазут пен көмірдің жеткілікті екенін тілге тиек етіп, келесі маусымға жүргізіліп жатқан дайындық жұмыстарына тоқталды. Оның айтуынша, алдағы жылыту мау­сымына дейін №1 ЖЭО-ның бесінші және екінші қазандық агрегаттары мен төртінші турбоагрегаттарына жөн­деу жүргізіліп, аудандық қазандық жабдықтары, цехтар, ғимараттар мен құрылыс орындарындағы қосалқы жабдықтар жаңартылады. Сонымен қатар, «Астана-Теплотранзит» АҚ-та да бірқатар жұмыстар қолға алынып, онда «Энергияны үнемдеу» бағдарламасы бойынша жылу оқшауламасы қайта қалпына келтірілмек. Ал «Астана-АЭК» АҚ-та кабельдік желілерді ауыстыру, «Западная» және «Городская» қосалқы стансаларын қайта салу сияқты бірқатар жұмыстар жүргізілмек.

Нұрдәулет КӘКІШТЕГІ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button