ЖаңалықтарҚала тіршілігі

Қысқы демалысты қызықты өткіз

Елорда тұрғындары мен қонақтарының қыс мезгілінде демалыс уақытын қызықты өткізу үшін Сарыарқа ауданы әкімінің аппараты қысқы демалысқа арналған орынды ұсыну бойынша конкурс жариялады.

[smartslider3 slider=170]

Аталған конкурс арқылы кәсіпкерлер келесі мекенжайлар бойынша мұз айдындары мен сырғанақтарды салуға тікелей қатыса алады:
Есіл өзенінің жағалауы («Серуен» көпірінен Кенесары хан ескерткішіне дейін);
Ш.Қосшығұлұлы – Ш.Бейсекова көшелерінің қиылысы;
Н.Тілендиев даңғылы, 15 («Рахмет» ОСО);
Ш.Қосшығұлұлы көшесі, 13 («Сарыарқа» монша-сауықтыру кешені);
Алмалық көшесі, 1 («Наз» мемлекеттік би театры);
Оқжетпес – А.Герцен көшелерінің қиылысы (сквер аумағында);
«Тұлпар» көпірінен Кенесары көшесіндегі көпірге дейін («Газмашаппаратура» АҚ).
Кәсіпкерлер конкурс талаптарымен Сарыарқа ауданы әкімдігінің ресми сайтындағы жаңалықтар бөлімінде толығырақ таныса алады. www.saryarqa. astana.kz. Қосымша ақпарат алуға арналған телефондар: 55-74-73, 8-771-256-00-16.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button