Жаңалықтар

Қызылшаға қарсы егу күшейтілді

 skrinБиыл Қазақстанда қызылшамен ауратындар саны артуы мүмкін. Бұл елімізде әрбір 8-10 жылда қайталанып отыратын дерттің ошағымен байланысты болып отыр.  Бұл туралы  ҚР Президентi жанындағы ОКҚ өткен  брифинг барысында ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі төрағасының орынбасары – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин мәлім етті.

«Республикада қызылшаның өршуі 2005 жылы байқалып, он алты мыңнан аса адамның науқастанғаны тіркелді. Эпидемиологиялық жағдай халыққа жаппай вакцина егу жүргізгеннен кейін ғана бәсеңдеген. Бір жылда 1,5 миллион адам қызылшаға қарсы  егілді»  дедi Ж.Бекшин.

Оның айтуынша,  2013 жылы 73, ал, 2014 жылдың бес айында елімізде қызылша ауруының зертханада анықталған 167 оқиғасы тіркеліп отыр.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button