Жаңалықтар

ҚЫРҒЫЗ ҚЫЛҚАЛАМ ШЕБЕРІНІҢ КӨРМЕСІ

78bfb91b31bca95f126ba828046

   Астанада белгілі қырғыз суретшісі Диас Үстеміровтың «Көшпендінің жаны мен қанаты» атты жеке көрмесі ашылды. Көрмеге суретшінің алпысқа  жуық еңбегі шығарылды.

Елорда тұрғындары мен қонақтары маусым айының соңына дейін Үстеміровтың туындыларымен таныса алады. Мәдени шара «Рамада Плаза» ғимаратында орналасқан «Шежіре» галереясында өтуде..

Суретші Диас Үстеміров В.И.Суриков атындағы Мәскеу мемлекеттік академиялық көркемсурет институтын қондырғылы көркемсурет факультеті бойынша бітірген. Бүгінде оның жұмыстары көптеген мемлекетте жеке коллекцияларда сақталуда. Атап айтқанда, АҚШ, Канада, Франция, Англия, Германия, Жапония, Қытай, Түркия, Малайзия, Австралия, тағы басқа да бірқатар елде оның туындыларына мол орын берілген. .

 

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button