Әлеумет

Салықтық берешектерге амнистия жарияланды

Ресми дерекке сүйенсек, елімізде 2018 жылдың қорытындысы бойынша, 1,4 млн жеке тұлғаның 20,9 млрд теңге салықтық берешегі болды. Оның негізгі борышы – 14,3 млрд теңге, өсімпұлдар – 6,6 млрд теңге. Яғни, кәмелетке толған халықтың 10 пайыздан астамы мемлекетке қарыз. Бұл жөнінде Орталық коммуникация қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Ж.Іңкәрбаев мәлім етті.

Оның айтуынша, 2019 жылдың 4 шілдесінде ҚР Президенті Қ.Тоқаев қол қойған салықтық рақымшылық жүргізу туралы заңға сәйкес, салықтық рақымшылық ережесі бекітілді.
Бүгінгі күнге дейін 40 мыңнан астам жеке тұлға салықтық амнистияға ілікті. Ақпан айынан бастап заңды тұлғаларға, атап айтқанда, шағын және орта кәсіпке салық амнистиясы жүргізілуде. Ол бойынша 90 мың салық төлеуші амнистияға ілініп, 210 млрд теңгеге жеңілдік жасалады. Қазіргі кезде 40 212 салық төлеушіге салықтық амнистияны қолданды. 40 мыңнан астам амнистияға іліккен салық төлеушіден мемлекет қазынасына 7,7 млрд теңге түскен.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button