Қала тіршілігі

САУАТСЫЗДЫҚТЫҢ «САРЫТОРҒАЙЫ»

photo_46659Елорданың қоғамдық автобустарында бас қаланың картасы әдемі берілген. Олардың жүріп өтетін бағыты мен аялдамалары туралы­ ақпарат жеткілікті. Бір әттеген-айы…

Автобус картасына «Медициналық орталықтың басқармалардың клинико Ақтаудың кешені ҚР Президентінің қал-жағдайларымен» деген атау қып-қызыл бояумен жазылған. Тақырып түрінде жазылған сөйлем қып-қызыл қате. Бұл карта тек автобустарда ғана емес, аялдамаларға да ілінгенін ескерсек, сауатсыздық дертіне әбден етіміз үйренді. Тек бұл ғана емес, көптеген қоғамдық орындарда да жарнама маңдайшасындағы жазулардың мемлекеттік тілдегі нұсқасында қате өріп жүреді. Себебі неде?

Кез келген мекеме немесе кәсіпорын қандай да бір визуалдық өнімге тапсырыс бергенде «Қазақстан Республикасының тілдер туралы» және «Жарнама туралы» заңдарын басшылыққа алуы тиіс. Өкінішке қарай, кәсіпкерлер сыртқы жарнама мәтіндерін немесе визуалдық ақпаратты орналастыру кезінде қалалық Тілдерді дамыту басқармасының келісімін алмайды. Мәтінді мемлекеттік тілге аудару кезінде аударманың түпнұсқасы көп жағдайда сақталмайды. Қазақ тілінің стилистикалық ерекшеліктері ескерілмей, мәтіндер тура мағынасында аударылады. Ақпараттық хабарлар мен жарнамаларда өрескел қателерге жол берілетіні де сондықтан. Қала әкімдігі Қазақстан Республикасының заң нормаларына сәйкес келмейтін тыйым салынған жарнамалар мен маңдайша жазуларды анықтау бойынша жиі тексеріс жүргізеді. Заң бұзушылыққа жол бергендерге әкімшілік айыппұл салынады. Соған қарамастан қоғамдық орындарда қазақ тіліндегі жазулардың қателігінен көз аша алмай келеміз.

P.S. Күні кеше нөмірі 12-ші автобуста «Сары­тоғай» аялдамасын «Сарыторғай» деп­ хабар­лады. Кондукторға ескертіп едік, «мен­ емес, радио солай хабарлайды» деп пыс­қыр­мады. Жалпы, Жолаушылар көлігі және авто­мобиль жолдары басқармасына қатысты сын-пікірлер осы уақытқа дейін айтылып келген, әлі де жалғасатын сияқты…

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button