Басты ақпаратЕл тынысы

Сел қаупі сейілген жоқ

«Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Ісмағұлова қай өңірлерде су тасқынының екінші толқыны күтілетінін айтты. Мәлімет бойынша Солтүстік Қазақстан облысы, Батыс Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Ақмола және Атырау облысында қауіпті жағдай әлі де сақталады.

Спикердің айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысының аумағында Ақмола облысының аумағындағы салалар бо­йынша Есіл өзенінің көтерілуі есебінен (Жабай, Қалқутан және т. б.); Батыс Қазақстан облысының аумағында Ресей Федерациясының аумағынан Жайық өзені арқылы судың түсуі есебінен; Атырау облысының аумағында Батыс Қазақстан облысының аумағынан Жа­йық өзені арқылы судың түсуі есебінен су тасқыны екінші толқынының жүру қаупі бар.

Сондай-ақ А.Ісмағұлова мынадай қо­сымша болжаммен де бөлісті: «Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан таулы өзендерде су тас­қыны кезеңі жазық өзендерден кейін өтеді. Қазіргі уақытта Ақмола облысы аумағындағы Есіл өзенінің кейбір салаларында су тасқыны жоғары шекке жетті, бұл Есіл өзенінде су деңгейінің қайта көтерілуіне себеп болуы мүмкін. Сондай-ақ су деңгейінің көтерілуі Нұра өзенінің төменгі ағысында жалғасуда».

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button