Жаңалықтар

Спорт клубы ашылды

Елордада Балалар жылы аясында әрі Халықаралық балалар күніне орай Алматы ауданындағы «Томирис» тұрғын үй кешенінде «DARYN» спорт клубы есігін айқара ашты.

[smartslider3 slider=3150]

Аудан әкімінің орынбасары Рахматулла Аблазимов жас ұрпақты спортқа баулу, салауатты өмір салтын ұстануға дәріптеу мақсатында ашылған спорт клубына келушілерді құттықтап, бас қалада балалар үшін жасалып жатқан игі іс алдағы уақытта жалғаса беретінін жеткізді.

Айтулы шараға сонымен бірге әлем чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы, олимпиада ойындарының қатысушысы Миржан Рахим­жанов, кикбокстан 3 дүркін Қазақстан чемпионы, әлем чемпионатының қола жүлдегері Нұрлан Мұсабаев, кәсіпқой боксер, рефери Поль Тузендо мен меценат Данияр Жұмагелдинов және т.б. қатысты.

Аула клубының директоры, бокстан 1-дәрежелі жаттық­тырушы, генерал Ертаевтың «Отан патриоты» медалінің иегері, промоутер Дархан Қабыланбаев қонақтарға клубтың ішін көрсетіп, балаларды жаттығу залдарымен таныстырды.

Директордың айтуынша, «Daryn» спорт клубына балалар 6 жастан бастап қабылданады және үйірмеге үлкендердің де қатысу мүмкіндігі бар. Сондай-ақ клубтың Алматы облысы, Комсомол ауылында филиалы жұмыс істейді. Ол жерден әлем чемпионатының қола жүлдегері, 3 дүркін Қазақстан чемпионы, қазір әйелдер арасындағы ұлттық құраманың мүшесі Елдана Талипова шыққан.

Ақтолқын АМАНЖОЛ,

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button