Жаңалықтар

Тағайындау

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

А.С.Көлгіновті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі қызметіне тағайындау туралы

Алтай Сейдірұлы Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болып тағайындалсын.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.ТОҚАЕВ

Нұр-Сұлтан, Ақорда,
2019 жылғы 13 маусым

Алтай Сейдірұлы КӨЛГІНОВ

1978 жылы дүниеге келген. Алтай Көлгінов А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген. Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, халықаралық коммерция­лық құқық магистрі.
2000 жылы Қазақстан Республикасының Қарулы күш­терінде қызмет еткен. 2001-2008 жылдары ­Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және Бас прокуратура органдарында әртүрлі лауазымда қызмет атқарды. 2008-2010 жылдары «АлашМедиаГрупп» ЖШС бас директорының орынбасары. 2010-2012 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің аймақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды. 2012-2013 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 2013-2016 жылдары Орал қаласының әкімі қызметінде болды. 2016-2019 жылдары Батыс Қазақстан облысының әкімі болды.
2019 жылғы 13 маусымнан бастап Нұр-Сұлтан қаласының әкімі.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button