Жаңалықтар

Таразидың тартымды әңгімесі

Қазақ Ұлттық өнер университетінде осы оқу орнының профессоры, белгілі жазушы-драматург Әкім Таразидың шығармашылық кездесуі өтті.

Шараға қаламгердің әріптестері, уни­­вер­­­ситет оқытушылары, студенттер және өз­­ге де оқырмандар келіп қа­­тысты. Онымен оқу орнында бірге қыз­­мет ат­­қа­­ратын бел­­гі­­лі театртану­­шы Әшірбек Сы­ғай, кинотану­­шы Нә­­­­зи­­ра­ Мұқышева және көрнекті ғалым Мыр­­­­­­за­­тай Жолдасбеков жазушының шығар­­ма­­­­шылығына тұшымды пікір білдіріп, жеткен же­­тістіктері хақында біраз ойларын ортаға сал­­ды.

Арасында Әкім Таразидың өткенінен бү­­­­гініне дейінгі өрісті өмір жолына шолу жа­­са­­­­ған көріністер қойылып, сондай-ақ, оның «Бұлтқа салған ұясын» атты романының бас­­­­ты­ кейіпкері Омардың басынан кешкен­­ оқи­­­­­ғалары сәтті кейіптелді. Университет сту­­дент­­тері аталған романнан үзін­ді­­лер оқы­ды. Одан соң жазушының «Жақ­­сы кісі» пьесасы мен өзі сценарийін жаз­­ған «Арман – атаман», «Қараш-қараш», «Мұстафа Шо­­қай» фильм­­дерінен эпизодтар көр­сетіліп, жи­­налғандар на­­зарына «Тас жарып шық­­қан­­ шығарма» ат­­ты қысқа метражды картинасын тамашалады.

Университет ректоры Айман Мұсақо­жа­­е­­ва қаламгерге шығармашылық табыс ті­­лесе, өз ке­­зегінде Әкім Тарази да кеш­­ті ұйым­­дас­­ты­­ру­­шы­­лар­­ға шексіз риза­­шы­­лы­­ғын білдірді.

Е.БОЛАТҰЛЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button