Жаңалықтар

Тарихи тойдың шашуы

IMG_3733

Кеше Еуразия ұлттық университетінде суретші Аңсаған Мұстафаның Қазақ хандығының 550 жылдығына арнап шығарған футболка дизайндерінің көрме-флешмобын өткізді. Онда автордың қазақ тарихына қатысты уақиғалар мен даңқты тұлғалар, ұлттық тұрмыс-салт нышандары бейнеленген 55 түрлі дизайндық үлгісі назарға ұсынылды.  

Өткен жылы «Фейсбук» әлеуметтік желісінде Аңсаған Мұстафа Қазақ хандығының 550 жылдық тойы қарсаңында 55 түрлі футболка дизайнын сызып беретінін мәлімдеген. Ол үшін өзінің бастамасына қолдау білдірушілердің қолы 550-ден асуы тиіс деп, әдейі шарт қойған да еді. Алайда, тарихи тойдың қуанышын тасытқысы келген суретшіні 1100-ден астам фейсбук тұтынушы қолдапты.
Сонымен, Аңсаған бір жылдық еңбегінің жемісін кеше көпшілікке таныстырып, оны Қазақ хандығының 550 жылдық тойына шашқан шашуым деп түсіндірді.
ЕҰУ ректоры Ерлан Сыздықов пен Қазақстан КВН одағы президенті Есентүгел Елеукен тұсауын кескен көрменің ашылу салтанатында Мұрат Әбенов, Айдос Сарым, Дихан Қамзабекұлы, Мырзагелді Кемел, Тұрсын Жұртбай секілді ғалымдар, қоғам қайраткерлері қатысып, тілеулестігін білдірді.
Ұлттық нақыштағы футболка үлгілері кәсіпкерлер тарапынан қызығушылық болса, Хандық тойының шашуы ретінде көбейтіліп, отансүйгіш азаматтардың тұтынуына ұсынылмақшы.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button