Жаңалықтар

Тегін кеңес берілді

«Big Шанхай» сауда кешенінде жастарды толғандырған мәселелерге жауап беру мақсатында тегін кеңес бөлімі жұмыс істеді.

«Астана жастары» орталығы ұйытқы болған шараға дін мәселелерін зерттеу орталығының өкілдері, кәсіби психологтар мен жұмыспен қамту орталығының мамандары шақырылды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шара сауда орталығына келушілермен қатар, кешеннің қызметкерлеріне де арналды. Себебі көптеген қызметкерлер жұмысбастылығынан жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалардан хабарсыз болып шығады. Орталық осындай ашық есік күндерін дәстүрге айналдыруды көздейді.
Қалалық әкімдіктің дін мәселелерін зерттеу орталығының маманы Сымбат Төлеуханова қабылдауға түрлі діни ағымдарға қызығушылық танытып жүрген азаматтардың дос-жарандары мен туған-туысқандары келіп, кеңес сұрайтынын жеткізді. «Көбісі жақындарының жат ағымның жетегінде жүр екен» деп қауіптенеді. Біз оларды сол сәтте-ақ тиісті мамандармен байланыс­тырып, кеңес береміз» дейді орталықтың өкілі.
Бұдан бөлек, жастар жұмысқа орналасу мәселесімен де көптеп келеді екен.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button