Мәдениет

Маусымды «Медеямен» ашты

Бейбітшілік және келісім сарайында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші, актриса Айгүл Иманбаеваның «А.И.» музыкалық театры және продюсерлік орталығының VI маусымы «МЕДЕЯ» трагедиясымен ашылды. Шығарманың авторы – Ж.Ануй, қазақ тіліне аударған – жазушы, драматург Өтен Ахмет. Спектакльдің режиссері – Қуандық Қасымов.

Бұл – аталмыш өнер ошағының Астанадағы екінші маусымы. «Медеядан» кейін көрер­мендер Ж. Расиннің «Федра» трагедиясы мен Д. Исабековтің «Актриса» драмасын тамашалады. Спектакльдер кезек-кезегімен елорда сахнасында үш күн бойы жүрді.
Жалпы алғанда, театр репертуарында С.Раевтың «Ханшаның көз жасы», Ә.Тауасаровтың «Махаббат аралы» (Ә.Тауасаров), Ш. Бошбековтің «Темір қатын» қойылымдары мен «Күткен күн» және «Бабаларым, рахмет сендерге» концерт спектакльдері бар. Оларды көрермендер алдағы күндері рет-ретімен көреді.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button